top of page

Развитие связной речи. Тақырып: «Көкөністер»

I. Білімдік мақсаты

- Көкөністер тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын дамыту.

- Сурет бойынша жоспарлы түрде әңгіме құруды үйрету.

II. Түзету мақсаты

- Ойлау және зейін қоюын дамыту.

- Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.

III. Тәрбиелік мақсаты

- Балаларды ұқыптылыққа және материалды дурыс пайдалануға үйрету.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру сәтті. Релаксация.

Сәлемдесу (балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

Мен сендерді қәзір жемістің кішкентай тұқымдарына айландырамын. Отырыңдар. Жылы күн сәулесі тұқымды жылытты, жауын жауды, тұқымдар бой түзеп өсімдіке айнала бастады, қолдарыңды ақырындап жоғары көтеріңіздер. Өсімдіктер күнге қарай созылды. Күннің жылуын сезіңдер, күн қатты қызды,біздің өсімдіктеріміз де қурай бастады. Денемізді бос ұстаймыз, басымыз төмен түсті. Енді жауын жауды, өсімдіктер тірілді. Олар күнге қарай созылды. (қимылдармен көрсетеді)

2. Жаңа тақырып. Дидактикалық ойын «Не артық?» Неге?


Пияз- бұл көкөніс. Бүгін біз көкөністер тұралы айтамыз.

Қандай көкөністерді білесіндер балалар? Көкөністер қайда өседі? (бақшада).

Бақшадағы көп қатарда өседі

Шалқан мен салат

Қызылша мен бұршақ

Картопта бар онда

Біздің жасыл бақшамыз

Бізді бір жыл асырайды (Суреттерін көрсету)

Бақшада көкөністер әр түрлі болып өседі: Сәбіз, қызылша, картоп, шалқан – жердің астында өседі. Біз оларды көрмейміз. Олардың тек сабағы өсіп тұрады.

Қияр, қырық-қабат, кәді – бұлар жердің бетінде өседі.

Қызанақ, бұршақ, бұрыш, бадана көкөністері сабағында өседі

Балалар қай жыл мезгілінде біз бақшадан көкөністерді жинаймыз? (Күз)

3. Сурет бойынша әңгіме құрату.

-Бұл не? Қызанақ

-Қызанақ көкөніс пе әлде жеміс пе?

-Қызанақ қайда өседі?

-Түсі қандай?

-Пішіні қандай?

-Дәмі қандай?

Ал балалар, енді сендер осы жоспар бойынша келесі көкөніспен әңгіме кұрастырындар.

4. Сергіту сәті.

Бақшаға барамыз

Көкөніс жинаймыз

Біз сәбіз тасыймыз

Картопты қазамыз (қимылдармен көрсету)

5. Ойлау және ерікті зейін түрін дамыту.

Енді балалар тақтаға қарайық мында көкөністер, жеміс-жидектер араласып кетіпті. Оларды бөлейік.

6. Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.

Қолымызды қозғалысқа келтірейік. Саусақтарымызды қозғалтып ермексазды жібітейік. Бүгін біз көкөністерді жасаймыз, дөп-дөңгелек қылып домалатып, бұрышақты жасайық.

7. Қорытынды.

-Балалар бүгін сабақта біз не туралы сөйлестік?

-Көкөніс туралы не білдіңдер?

-Балалар бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Үйге беретін тапсырмам: келесі сабақта аналарың кешкі асқа қандай көкеністерді қолданғанын атап бересіңдер.

Comments


bottom of page