top of page

Сабақ: «Дені саудың - жаны сау!» (Ақыл -ой кемістігінің жеңіл түрі бар балалармен топтық жұмыс)

Мақсаты: оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру

Міндеттері:

1. Мектеп жасынан денсаулықты сақтауға үйрету;

2. Салауатты өмір салтының негізгі аспектілерін көрсету;

3.Салауатты өмір салтына деген саналы қатынастарын қалыптастыру

4. Денсаулық туралы сауалдарға деген оқушылардың көзқарастарын кеңейту;

5. Салауатты өмір салты туралы ақпарат беру.

6. Оқушылардың тұлғалық сапалары мен эмоционалды еріктік сфераларын дамыту және түзету (өзін - өзі бақылау, шыдамдылық). Сөйлеу тілін дамыту.

Кіріспе сөз:

Адам өміріндегі ең басты құндылығы оның ДЕНСАУЛЫҒЫ мен ӨМІРІ. Үй, машина, басқа да қымбат әрі, пайдалы нәрселерді сатып ала аламыз. Ал денсаулықты сатып ала алмаймыз. Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, денсаулық дегеніміз не?

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. (Денсаулық туралы слайд көрсетіледі)

Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулық» ұғымына бірнеше анықтамалар берген екен. Олар:

Денсаулық – бұл сырқаттың жоқтығы, өзімізді жақсы сезінуіміз, яғни, түрлі аурулардың болмауы.

Денсаулық – бұл тек қана сырқаттың болмауы ғана емес, физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайдың жақсы болуы.

Жеке денсаулық – жеке адамның денінің саулығы. (Оны жеке адамның жай күйімен, өзін өзі жақсы сезінуімен немесе қандайда бір аурудың болмауымен және физикалық жағдайымен бағалайды).

Тапсырма: Суретті кроссворд «Салауатты өмір салты»

Мазмұны: Балаларға суретті кроссворд беріледі. Балалар суреттердің атауын атап, бос тор көзді толтыра отырып, жасырын сөзді табады.

1. Дәрумен (Д)

2. Дәрігер (Е)

3. Күн (Н)

4. Спорт (С)

5. Айна (А)

6. Душ (У)

7. Орамал (Л)

8. Сабын (Ы)

9. Тарақ (Қ)

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасымен 20 % халықтың денсаулық жағдайы тұқымқуалаушылыққа, 20 %ы әлеуметтік жағдайға, 10 %ы денсаулық сақтау деңгейіне, 50 % ы адамның өмір сүру сипатына байланысты екен. Яғни, денсаулығымыз өзіміздің қолымызда екенін түсінуге болады.

Сендер қалай ойлайсыңдар «Салауатты өмір салты» дегенімізді қалай түсінесіңдер? (балалардың жауабы)

Иә, жақсы балалар. Салауатты өмір салты дегеніміз:

-Дұрыс тамақтану.

- Жеке биологиялық ырғақтардың динамикасын есептей отырып күнделікті күн тәртібін сақтау.

- Жеткілікті белсенді қозғалыс (спортпен шұғылдану)

- Денені шынықтыру.

- Жеке тазалық.

- Психологиялық тазалық, өзінің эмоциясын басқара алу.

- Зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Шынығу – бұл сыртқы факторлардың адам ағзасына жүйелі түрде ағзаны нығайтып, ішкі резервтарды дамыту мақсатында әсер етуі (салқындық, жылуғ күн сәулесі, физикалық қимылдар). Шынығу – суық тию ауруларын алдын алу. Шынығудың негізгі ережелері

1. Шынығудан қалай дұрыс бастау керек?

(шынығу жаттығуларын ақырындап ұлғайту арқылы);

2. Шынығуда қандай жол болу керек?

- жеңіл процедуралардан күрделенген процедураларға қарай жылжу;

- жүйелілік және үнемі айналысу;

- кешенділік;

3. Шынығу барысында нені ескеруіміз керек?

- жеке ағзалардың ерекшеліктерін есепке алу керек.

Адам денсаулығын нығайтып, сақтайтын салауатты өмір салты деп аталатын өмір сүру образы, оның әрекеті мен ойлауы процесі. Міне сол себептен де бүкіл дүние жүзінде шылыммен, алкоголизммен және нашақорлықпен күрес жүргізіледі. Ал балаларды кішкентайларынан тістерін тазалауға, таңертен жаттығу тазалауға , дұрыс тамақтануға, өзінің күн тәртібін дұрыс жоспарлай алуға, өзінің денсаулық жағдайын бақылай алуға және сақтауға үйретеді, сондай ақ салауатты өмір салты ережелері мен принциптерін оқытады.

- Ауру дегеніміз не, қалай ойлайсыңдар? Ауру дегеніміз қалыпты өмір сүрі әрекетінің бұзылуы.

«Мой додыр» мультфильмін көрсету.

Балалар мультфильмді көріп тамашаладық. Мультфильм не жайында екен? Қандай ой түйдік?!

Қорытындылау:

Бүгінгі сабақта тазалық туралы, белсенді қимылдар мен денені шынықтыру жайлы әңгімеледік.

Сұрақ -жауап:

1. Шынығу құралдарын атаңдар. (күн, ауа, су)

2. Жалпы шынығуға әсер ететін процедураларды ата. (Душ, суға шомылу, күнге күю.)

3. Жеке тазалыққа қатысы бар заттарды ата? (сабын, орамал, щетка, су,т.б.)

4. Бойында дәрумені бар тамақтарды ата?

5. Дене шынықтыру жаттығулары шынығуға қалай әсер етеді? (жағымды.)

6. Футбол, шаңғы, баскетбол, жүгіру, жаттығу жасау...бұлар не? (спорт)

Comentarios


bottom of page