Сабақ: «Ғарыш әлеміне математикамен бірге саяхат»(Ақыл - ой кемістігінің жеңіл түрі бар балалармен)
- Айжан Омарханқызы
- 12 дек. 2019 г.
- 3 мин. чтения
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
ІІ. Дамытушылық: қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру;
ІІІ. Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, бірін- бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтыңәдістері:саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар.
Сабақтың түрі: топтық
Пәнаралық байланыс: «қоршаған орта әлемі», «математика», ана тілі
Көрнекілік құралдар: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, қисынды есептер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ғарыш әуені ойнатылады.)
- Балалар музыкалық композицияны тыңдаңдар және бұл әуен қандай саяхатқа шақырып отырғанын ойлап көріңдерші?! (балалардың жауабы тыңдалады)
ІІ. Негізгі бөлім. Балаларға ғарыш туралы ақпарат беріледі
- Баяғы ерте заманда біздің ата бабаларымыз кең жайлауда өмір сүрді. Олар әр түні аспанға қарап, таңқалған, олардың үстілерінен сан жетпейтіндей көп нүктелер жарқырап тұрған болатын. Олар таң ата түнде қайта оралу үшін жоғалып кететін болған. Ал күндіз аспанда үлкен домалақ Күн жарқыраса, түн батқанда қараңғылықты басатын Ай үнемі өзінің пішінін өзгертіп жарқырайтын еді.
Бұл құбылыстардың не үшін болатындығын ата- бабаларымыз түсінбеген және түсіндіре де алмаған. Көптеген мыңдаған жылдардан кейін бұл құпияның барлығын адамдар зерттеп анықтаған екен. Бұл құпия әлемді «Ғарыш аймағы» деп атаған.
-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
-Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
- Зымыран (балалардың жауабы).
-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық. (Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, зымыран суретін құрастырады)
1 тапсырма: «Зымыран құрастырайық!»
Қажетті материал: түрлі- түсті геометриялық пішіндер, желім.
Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты төртбұрыш –деп балалар жауап береді.
- Міне, балаларзымыранымыз да дайын. Ендібіздер«Жұлдыздықалашықта»даярлықтанөтуімізкерек. Олүшінбізге «Жұлдыздықалашық» мынадайтапсырмадаярлағанекен.
2тапсырма: «Орныңды тап»
Қажетті материал: түрлі түсті, үлкен кіші жұлдызшалар, «жұлдыздар қалашығы»
Бұнда біздер «Жұлдызды қалашықтағы» жұлдыздарды дұрыс орналастыра білуіміз керек. Сендердің алдарыңда жұлдыздар тұр, жұлдыздар артында сандар тығылып тұр, сол сандар арқылы шытырман жолдан өтіп жұлдыздардың орындарын табуың керек.
- Өте жақсы ғарышкерлер, сендер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады)
Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
3 тапсырма: «Ғаламшарлар құпиясы»
Қажетті материал: ғаламшарлар көрінісі, жершарлар, тапсырмалар мазмұны
Тақтадаілініп тұрған аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісінде бейнеленген жершарлардың артындағы тапсырмаларды орындау ұсынылады.
Күн: кемпірқосақта неше түс бар? (7)
Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3)
Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5)
Шолпан: адамда қанша көз бар? (2)
Марс: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
Сатурн: аспанданешекүн бар? (1)
Нептун: біржылданеше ай бар? (12)
Плутон: біраптаданешекүн бар? (7)
Уран: адамдақаншасаусақ бар? (10)
-Балаларғаламшартапсырмаларынмүлтіксізорындадық. Ендіөзімізгеестелікретіндеғаламшарданжұлдыздаралыпкетейік.
4 тапсырма: «Жұлдыздар»
Қажетті материал: қалташа, бесбұрыш, үшбұрыштар, желім
Бұл тапсырманы орындау үшін сендердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек.(Құрастыру жұмысы болады. Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.)
- Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?(Балалар жауабы: - 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.)
- Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымызды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты.
5 тапсырма: «Жатпланеталықтары іздері»
Мынау жатпланеталықтардың іздері ғой. Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік.Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастыру керек.
Балалар сендер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап,жаттығу жұмысын жасап көрелік.
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
(Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.)
- Күшімізді жинап келдік,қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.Олай болса сандарды жұбымен қойып шығайық.(Балалар сандарды жұбымен қояды.)
- Өте жақсы. Бізге арнап жатпланеталықтар іздері келесі тапсырманы беріп отыр.
6 тапсырма: «Қисынды есептер»:
Қажетті материал: үй жануарлары, мысық, сиырлардың бейнесі бар картинкалар
1). Мына суреттен қанша үй жануарын көріп тұрсың? (8)
2). Екі мысықтың аяғы нешеу? ( 8)
3).Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)
- Балалар, өте жақсы сендер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздер ғайып болып кетті ғой.
ІІІ. Қорытынды.
Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді үйімізге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады) Балалар үйлеріне (орындарына отырады) жетеді.
- Балалар сендердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге көп рахмет! Балаларды мадақтау, «ғарышкер» бейнеленген төсбелгі сыйлау.
Comments