top of page

Сабақ: «Сиқырлы сандар»(Ақыл - ой кемістігінің жеңіл түрі бар балалармен)

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың геометриялық пішіндер түстер мен сандар туралы алған білімдерін пысықтау;

2. Түстермен пішіндерді дұрысатап, топтастыра білуге, сандарды ретімен орналастыруға, сандарды бір-бірінен ажырата білуге, сурет арқылы есептер шығаруға үйрету.

3. Сурет арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қоры нмолайту,ойын арқылы логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Көрнекілігі: «Көктем» мезгілінің көрінісі, мазмұнды суреттер, үлестірмелі топшамалар.

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастырукезеңі

Оқушыларменсәлемдесу.

Сабаққаназарынаударту.

ІІ. Жаңасабақ

Жаңа сабақ бастамас бұрын қане, есімізге түсіріп жіберейік қазір жылдың қай мезгілі?

- көктем

Көктемде күн қандай болады?

- жылиды

Көктемде не жауады?

- жаңбыр

Көктемде адамдар қалай киінеді?

- жылы

- Жарайсыңдар, балақайлар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сиқырлысандар». Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Онда әр түрлі тапсырмалар беріледі, яғни мына («көктем» бейнеленген сурет көрсетіледі) суреттегі әрбір сурет сендерге тапсырмалар әзірлеп қойыпты, соны дұрыс орындаған үшін сендерді мен жұлдызшалармен бағалаймын.

1. КүнніңтапсырмасыТаныспішіндердіатап, белгіле»

Тапсырма мазмұны:Сурет беріледі, суреттен геометриялық пінішдерді табу. Әр пішіндерді атап, санап белгілеу қажет.

2. Бұлттардыңтапсырмасы: «Топтастыру» ойыны.

Тапсырма мазмұны:Мұнда түрлі суреттер беріледі. Сол суреттегі заттарды атап, оларды үлкен мен кіші заттарды тауып бір-бірін сызықарқылы қосасыңыз.

3. Бәйшешектіңтапсырмасы: «Сандармен жұмыс»

Тапсырма мазмұны:Берілген сандарды ретімен орналастырып, санау.

1 4 2 653

Сергітусәті.

1 дегендетұрайық, 2, 3, 4 – алақандысоғайық, Біротырып, біртұрып, Бізжүгіріпалайық. 5 дегендеасықпай, Орнымыздытабайық.

4. Үйдіңтапсырмасы. «Тиістісанды тап»

Тапсырма мазмұны:Суреттетүрлізаттарбейнеленеді, солардыатап, санаптиістісанды бос торкөздергеқоюмызқажет.

5. Қардыңтапсырмасы. «Құрастыру» ойыны

Сіріңкенің шилерін пайдалану арқылы үшбұрыш пен төртбұрыштың бейнесін құрауымыз қажет.

ІІІ. Қорытынды

Балалар, біз қандай тапсырманы орындадық?(санадық, есепшығардық)

ІV. Бағалау.

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. (Сабақ соңында балалардың қолдарындағы жұлдызшалар саналып, балалар мадақталады)

Comentarios


bottom of page